Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасын алып келу үшін келіссөздер жүргізілуде

Қазақстанда AstraZeneca вакцинасының өндірушілермен келіссөздер қайта жүргізіле бастады.

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасын алып келу үшін келіссөздер жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы вакциналардың шетелдік өндірушілерімен келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.

"Қазақстандықтарды Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson&Johnson препараттарымен вакцинациялауға бюджеттік қаражат бөлу мәселесі осы вакциналарды елге жеткізу туралы келісімге келгеннен кейін қаралады", – деді министрлік өкілдері.

Айта кетсек, қазіргі таңда бұл вакциналарды ДДСҰ мойындаған, аталған екпе түрлерін алған туристер кейбір мемлекеттерге емін-еркін саяхаттай алады. Ал Қазақстандағы Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары Еуроодақ елдері мен АҚШ-та бекітілмеген. 

Еске салсақ, бұған дейін "СК-Фармация" кеңесінің төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайды деген еді. 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауы

Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда

Құрылтай сайлауы

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депутаттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы