USD
USD
USD

Қазақстанға АҚШ елшісі таң қалды

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер 2019 жылғы қызметін қорытындылап, қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Қазақстанға АҚШ елшісі таң қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2019 жылдың наурыз айында Қазақстанға елші болып келгенде мені таңғажайып тәжірибе күтіп тұрғанын білдім. Биыл Қазақстан мен АҚШ тығыз ынтымақтастығын дәлелдейтін көптеген бағдарламалар мен шараларға қатысу мәртебесіне ие болдым. Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет ретінде АҚШ жарық болашақ жолында қолдау көрсетуге дайын. Соңғы 10 айда Қазақстанның түкпір-түкпірінде, Өскеменде, Атырауда, Оралда, Петропавл мен Шымкент сынды түрлі қонақжай қалаларда болдым», – деді Уильям Мозер Facebook желісінде жарияланған құттықтауында.

Сонымен бірге, дипломат еліміздегі көрікті орындарға бару жөнінде кеңес берген қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Әлі талай қызықты орындарды көруім керек, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз өте қажет. Қазақстан мені таңқалдырып келеді. Әсіресе, Каспий теңізінің сұлулығы, Шарын шатқалының ерекшелігі таңдай қақтырады. 2020 жылы да мемлекеттеріміз арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеміз деп үміттенемін. Жаңа жыл құтты болсын!», – деді У. Мозер.

Қазір оқып жатыр

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы