USD
USD
USD

Қазақстанға суару маусымында Орталық Азия елдерінен 4 млрд текше метрден астам су келеді

Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд, Шу және Талас өзендерінен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі.

Су қоймасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Былтыр министрлік Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандарды суармалы сумен толық қамтамасыз етті. Биыл да ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 2025 жылғы суару маусымында Сырдария өзені арқылы елімізге 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бүгінде «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр.

Бұл жұмыс Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды.

Айта кетейік, биыл «Қазсушар» филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 11 700 шарт жасалды. Былтыр шаруа қожалықтарымен 23 830 шарт жасалған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек