Қазақстанға Нидерландыдан екі амур жолбарысы әкелінді
Бірінші халықаралық жолбарыстарды қорғау форумында (2010 жылы Санкт-Петербургте) барлық жолбарыс ареалы бар елдер 2012 жылға дейін жабайы табиғаттағы жолбарыстар санын екі есе көбейтуге (шамамен 3000 басқа) келісті, ал Қазақстан үкіметі елде жолбарысты қайта енгізу жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады.
Алматы, NEGE. Қазақстан, Ресей және Швейцарияның бірлескен экспедициясының нәтижесінде, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасы аясында Тұран жолбарысын Орталық Азияда қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы мен оның шығыс жағалауы таңдалды.
Жануарлар арнайы құрылған Іле-Балқаш қорығы аумағында Іле өзенінің сағасындағы 10 гектар аумақта қоршау жағдайында ұсталатын болады. Алдағы уақытта олардың ұрпағын табиғатқа жіберу жоспарланып отыр.
2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жетекші сарапшылары ХТҚО (Халықаралық табиғатты қорғау одағы) жануарлар тобының келісімімен Қазақстанда жолбарысты қайта әкелу бағдарламасын әзірледі.
Қазіргі уақытта жолбарыстарды реинтродукциялау бағдарламасы Нидерландтан «Іле-Балқаш» резерватына амур жолбарыстарының келуімен маңызды кезеңге жетті. Бұл маңызды қадам бағдарлама мақсатына — жолбарыстардың тарихи мекенінде популяциясын қалпына келтіруге жақындатады.
«Осыдан шамамен 15 жыл бұрын, 2010 жылы өткен Жер бетінде жолбарыстарды сақтап қалу мәселелері бойынша алғашқы халықаралық форумда Қазақстан мысықтұқымдас жабайы жыртқышты еліміздің табиғатына қайта оралтуға дайын екендігін хабарлаған болатын. Арада жеті жыл өткеннен кейін Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының тынымсыз еңбегі нәтижесінде елімізде жолбарысты қайта жерсіндірудің бірегей бағдарламасы әзірленді. Осы уақыт аралығында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватын құрудан бастап оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қайта қалпына келтіруге дейін үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда біз көп еңбекті талап ететін жұмыстың және қызметкерлеріміздің өз істеріне адалдығының нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстанға алғашқы жолбарыстар жеткізілді және осы атаулы оқиға бағдарлама міндеттерінің сәтті орындалғанын растайды», – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
2024 жылдың жазының басында WWF қолдауымен Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы және жануарлар дүиесі комитеті мен Нидерландының Святой Льва орталығы арасында Меморандум жасалды. Меморандумда 2 жолбарысты ақысыз беру және оларды Қазақстанға жеткізу туралы келісім болды, ал олардың ұрпақтарын жабайы табиғатқа қайта жіберу үшін одан әрі өсіру көзделді.
«Біз өз орталығымыздағы барлық аңдардың болашағы жақсы, мүмкіндігінше олардың табиғи тіршілік ортасына барынша жақын болуы үшін барымызды салуға тырысамыз. Біздің ұйымымыздың басты арманы – жолбарыстардың бұрын өздері мекендеген Қазақстанға қайта оралуы бағдарламасына өз үлесімізді қосу», — дейді Lion Foundation қорының директоры Роберт Крюйфф.
Осы демалыс күндері жолбарыстар күзетшілердің бақылауымен жаңа үйіне жүк ұшағы мен вертолет арқылы арнайы транспорттық контейнерлерде жеткізілді. Қазіргі уақытта олар «Іле-Балқаш» резерватының қорықтық аймағының шекарасында орналасқан кіші вольерде акклиматизациядан өтуде. Бірнеше аптадан кейін оларды кеңірек вольерлерге шығарады.