USD
USD
USD

Қазақстанға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келді

Қазақстан Республикасына ресми сапармен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер келді.

Мариус Визер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмас Әлсенов және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қарсы алды.

Мариус Визер елімізге сапары барысында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, көпсалалы «Барыс Арена» спорт кешенін аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ еліміздің даңқты спортшыларымен, жаттықтырушыларымен кездесіп, дзюдо спортының дамуы мен болашағы туралы пікір алмасады.

М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.