USD
USD
USD

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Астанада есірткі контрабандасы мен оның заңсыз айналымына қатысы бар екі қазақстандыққа сот үкімі шықты.

Кісен
Фото: shutterstock.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Ведомство ақпаратынша, 20 жастағы бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Таиландтан есірткі жеткізген. Ол жалпы салмағы 4,7 кг каннабис экстракты салынған екі шабаданды тәттілер ретінде алып өтпек болған. Оның заңсыз жүгі елордалық әуежайға ұшып келген бойда анықталып, тәркіленді. Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Екінші іс бойынша айыпталған 39 жастағы ер адам есірткіні Таиландтан Қазақстанға пошта қызметі арқылы жіберуді ұйымдастырған. Ол есірткіні 2024 жылдың көктемінде халық тұтынатын тауарлар ретінде жіберген. Бұл партияны алушы үш адам бұған дейін әртүрлі мерзімдерге сотталған болатын. Есірткіні жіберушіге іздеу жарияланып, ұсталғаннан кейін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг

Астана кәсіпкерлер палатасының басшысы өзге адамның ЖСН-і арқылы бәс тікті деген айыптауға жауап берді

Қанат Әлин