USD
USD
USD

Қазақстанға 246 лаңкес кірмек болған – ҰҚК төрағасы

Қазақстан ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев 2025 жылдың басынан бері терроризмге қарсы күрес аясында қабылданған шаралар туралы айтты.

Шекара қызметі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сағымбаевтың мәліметінше, биыл жыл басынан бері терроризмге қатысы бар деген күдікпен 3,5 мыңға жуық шетел азаматына елге кіруге тыйым салынған. Сонымен қатар террорлық әрекетке қатысы бар 246 шетелдіктің Қазақстан аумағына кіруіне жол берілмеген.

– Өз елінде террорлық және діни-экстремистік қылмыстары үшін іздеуде болған 16 адам анықталды. Сондай-ақ терроризм мен діни экстремизм идеологиясын қолдайтын шамамен 800 мигрант анықталып, оларға қатысты депортациялық шаралар қабылданды, – деді Сағымбаев inform.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері 400-ден астам оқу-жаттығу және арнайы антитеррорлық дайындық өткізілген.

Сонымен қатар 95 мыңнан астам стратегиялық маңызды сала қызметкеріне теракт кезіндегі іс-қимыл тәртібі жөнінде арнайы оқыту жүргізілген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар