USD
USD
USD

Қазақстанда құжаттарды рәсімдеуге жасанды интеллект көмектесетін болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин министрлікте ChatGPT сияқты азаматтардың сұраныстарын жылдам және тиімді орындау үшін жасанды интеллект технологиясын енгізіп жатқанын айтты.

Қазақстанда құжаттарды рәсімдеуге жасанды интеллект көмектесетін болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кейбір қызметтерді цифрлық форматта алу қиын. Мәселен, қазір әрбір қолданушы электронды қолтаңба алу, оны компьютерге орнату немесе парольді жоғалту сияқты кедергілерге тап болып жатады. 

Сол себепті бірінші кезекте барлық салада қызметтерді смартфонға немесе проактивті форматқа көшіру, сұраныстарды тек биометрика немесе QR арқылы растау енгізіледі.

Екіншіден, біз ChatGPT сияқты жасанды интеллект технологиясын енгіземіз. Бұл азаматтардың құжаттарын тәулік бойы өңдеуге және барлық сұрақтары мен қызметтерге тікелей чатта жылдам жауап алуға мүмкіндік береді", - деді Бағдат Мусин. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар