USD
USD
USD

Қазақстандықтарға жыл сайынғы еңбек демалысы берілмей ме?

Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа редакциясы жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөнінде ақпарат таралуда.

Іс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«27-баптың жобасында демалыс құқығы заңмен кепілдік берілетін әлеуметтік құқық ретінде бекітіледі. Демалыс – осы құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі. Оның ұзақтығы, кезеңділігі, берілу тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі. ҚР Еңбек кодексі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын тікелей көздейді, оның ең төменгі ұзақтығын, берілу тәртібін, сондай-ақ демалыс бермеуге тыйым салуды белгілейді», – делінген хабарламада. 

Еңбек кодексінде «демалыс» ұғымы әртүрлі түрлерді қамтитыны атап көрсетілген: жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, әлеуметтік демалыстар және заңнамада көзделген өзге де демалыс түрлері.

«Аталған нормалар қолданыстағы заңнамамен үйлесімді және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейді. Сонымен қатар, Конституциялық норманың жаңартылған редакциясы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күшін жоюды білдірмейді және еңбек заңнамасының автоматты түрде өзгеруіне әкелмейді», – делінген ведомства таратқан мәліметте.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жобада ұсынылған редакция заң тұрғысынан дәлірек және жинақы болып есептеледі. Осыған қарамастан, еңбек демалысына қатысты құқық мемлекет тарапынан кепілдік ретінде сақталады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы