USD
USD
USD

Қазақстандықтарға смартфонды ресми тіркеуге екі ай уақыт берілді

Елімізде мобильді телефондарды міндетті тіркеу 2025 жылдың 26 мамырына дейін ұзартылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды.

Телефон
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2025 жылдың 25 наурызынан бастап, Қазақстанға әкелінген барлық мобильді құрылғы GSMA халықаралық базасында және мемлекеттік жүйеде міндетті верификациядан өтуі тиіс болатын.

«Бизнес өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілгеннен кейін қосымша 60 күн уақыт беру туралы шешім қабылданды. Бұл импорттаушылар мен сатушыларға бұрын әкелінген, бірақ әлі сатылмаған құрылғыларды тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, бизнеске барлық мобильді құрылғыны тіркеу үшін тағы екі ай беріледі. Құрылғыларды https://kz-imei.kz/ порталында заңдастыру қажет. Верификациядан өтуге 60 күн беріледі. 2025 жылдың 26 мамырынан бастап заңдастырылмаған құрылғылар мобильді байланысқа қосылу мүмкіндігінен шектеледі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрлік жаңа ережелер тек өзгерістер күшіне енгеннен кейін елге әкелінген құрылғыларға қатысты екенін ескертеді. Қазақстанда қазір жұмыс істеп тұрған барлық мобильді телефон автоматты түрде «ақ» тізімге енгізіледі және шектеусіз жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы