USD
USD
USD

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы «некені тіркеу мерзімін ұзарту қажет» деген ақпарат тарады. Әділет министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын және алаяқтық сипатта екенін ескертті.

хабарлама
Фото: depositphotos

Астана, NEGE. Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасында некенің жарамдылық мерзімі қарастырылмаған. Неке бір рет тіркеледі және оны кейін қайта тіркеу немесе мерзімін ұзарту қажет емес.

«Неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты некені ұзарту талап етілмейді», – деп түсіндірді Әділет министрлігі.

скрин
Фото: Әділет министрлігі

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылған жағдайда, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Некені бұзу тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Әділет министрлігі қазақстандықтарды мұндай хабарламалардағы күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды. Ресми ақпаратты мемлекеттік органдардың ресми ресурстарынан тексерген жөн.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова