USD
USD
USD

Қазақстандықтарға кейбір көлік түрін Ресей азаматтарына сатуға тыйым салынды

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер енгізілгенін хабарлады.

Электромобиль
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Мәселе 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген электромобильдерге қатысты болып отыр.

Мұндай көліктерді Ресей азаматтарына және Ресейде тұрақты тұратын тұлғаларға сатуға тыйым салынған.

«Бұл шектеу көлік құралы еркін айналымға шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде немесе кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төленгенге дейін қолданылады», – делінген хабарламада.

Егер көлік иесі электромобильді үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін сатуды жоспарласа, кедендік баждар мен салықтарды алдын ала төлеуі қажет.

Ведомство өкілдері электромобильдерді сату кезінде осы жайттарды ескеруге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан халықаралық банктен 6 млрд доллар қарыз тартады: Жұманғарин «алаңдауға негіз жоқ» дейді

Халықаралық банктен қарыз тарту

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде?

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит