USD
USD
USD

Қазақстандықтарға 432 мыңнан беретіні рас па?

Әлеуметтік желілерде табысы аз отбасылар мен сырқат адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берілетіні туралы ақпарат тарады.

Теңге
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз», – делінген ресми хабарламада.

Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланады екен.

«Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілген.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент