USD
USD
USD

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 триллион теңгеден асты

 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 12,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды enpf.kz.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 триллион теңгеден асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті», – делінген хабарламада. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары 2,1 млрд теңгені құрайды. 2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева

Жұманғарин «Өзіңізді баймын деп есептейсіз бе?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты

Серік Жұманғарин

Республикалық бюджеттен қорғаныс саласына қанша қаржы бөлінбек?

Әскерилер

РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс