USD
USD
USD

Қазақстандықтардың меншігінде қанша жеке яхта мен ұшақ бар?

Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар екенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтардың меншігінде қанша жеке яхта мен ұшақ бар?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта елімізде келесі қымбат тауарлардың импорты тіркелді: 0,70 литрі 5 995 968 теңге тұратын «MACALLAN 50YO» вискиі және ликер-арақ бұйымдары (акциздің сомасы – 714 теңге), 3 литрі 4 225 131 теңгеге бағаланатын «Cognac Remy Martin Louis XIII» коньягі (акциздің сомасы - 300 теңге), 0,75 литрі 888 929 теңге болатын «Сhateau Petrus» шарабы (акциздің сомасы - 26 теңге) әкелінді. Сондай-ақ, 15 данасы 143 100 теңге болатын «Cohiba» сигаралары, 40 данасы 120 000 теңге сомасына «Don Antonio Churchills» сигаралары әкелінді», - деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында деректер келтірілген.

Сонымен бірге, онда қазақстандықтардың иелігенде қанша жеке яхта мен ұшақ бар екені де көрсетілген.

«Яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар тобында ғана бар. Жеке тұлғалардың меншігінде – 490, ал заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта, жеке тұлғалардың меншігінде 248 ұшақ, заңды тұлғалардың меншігінде 665 ұшақ бар», - делінген ведомство ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты