USD
USD
USD

Қазақстандықтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Хакерлер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, тиісті тапсырманы Бас прокурор берген.

«Қазірдің өзінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу үшін Ішкі істер министрлігіне берілді. Бірақ бап шеңберінде болғандықтан, мен бұдан артық ештеңе айта алмаймын», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тергеу дәл осы деректердің таралу фактісі бойынша басталған.

2025 жылғы 16 маусымда Қазнетте Қазақстан тұрғындарының жеке деректерінен тұратын 16,3 миллион жазба ашық қолжетімділікке шығып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты