USD
USD
USD

Қазақстандықтардың жеке деректері желіде тарап кеткен бе? Министрлік жауап берді

Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректері тарады деген ақпаратқа байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Комп
Фото: freepik.com

Алматы, NEGE. ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр.

«Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ.

Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте.

Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады», – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған.

Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі