USD
USD
USD

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

Ішкі істер министрлігі Қазақстан және ТМД азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан халықаралық арна жойылғанын хабарлады.

жеке деректерді тарату
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Арнайы операцияны жүргізуге Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура және Чехия Республикасының полициясы қатысқан.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін күдіктілер Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің азаматтарының жеке деректері орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған.

«Топ ішінде нақты иерархиялық құрылым болған: әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті атқарған. Олар қылмыстық схеманы үйлестірушілерден бастап, жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдейтін операторларға дейінгі қызметтерді орындаған. Заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған», – делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің Чехия Республикасының Усти-над-Лабем қаласындағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілген. Тінту кезінде іске айғақ болатын цифрлық ақпарат сақталған құрылғылар мен қолма-қол ақша тәркіленген.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf