Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандықтардың төлқұжатына өзгеріс енгізіледі

Қазақстан азаматтарының төлқұжатында жаңа қорғау элементі пайда болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті.  

Төлқұжат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі жетілдіріп жатырмыз (фотодағы аты мен тегі микромәтін түрінде көрсетіледі)», – деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.

Одан әрі министрдің бірінші орынбасары көші-қон саласында бақылау күшейетінін айтты.

«Қауіпсіздік кеңесінде берілген тапсырмалар аясында көші-қон саласының ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмысын іске асырып жатырмыз. Ішкі істер органдары көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды. Құжат және елге келген азаматтарды тіркеу процесіне мониторинг жүргізіледі. Жалған тіркеуі бар пәтерлерді анықтап, олардың санын азайттық, сонымен қатар пәтер иелері жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды ведомство өкілі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында ит талаған баланың ісі: сотта жануардың иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Ит талаған

Қазір тұрғын үй емес, сатып алушы тапшы – қаржыгер

Ұмай

Бедеулік «жасарып» барады: құрсақ ана туралы не білеміз?

суррогаттық ана

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев