USD
USD
USD

«Қазақстандықтар көп несие алса, демек қайтара алатын табысы бар» – Ұлттық экономика министрі

Журналистер Вице-премьер және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен қазақстандықтардың дәрі-дәрмекті Kaspi Red арқылы сатып алуына қатысты пікірін сұрады.

Вице-премьер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, тұтынушылық несиелер санының артуы халықтың кедейленуін білдірмейді.

«Жалпы несие алатын адам ақылды адам деп санаймын. Егер адам көп несие алып жатса, бұл оның оларды қайтаруға табысы жеткілікті екенін білдіреді. Ал енді дәрі-дәрмекті бөліп төлеуге алуға қатысты айтсам, мұндай жағдай ойлануға тұрарлық. Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде 12 миллион адам дәрі-дәрмекті тегін алады. Оларды Kaspi Red арқылы несиеге алудың қажеті жоқ қой. Дәрігерге барып, рецепт алып, тегін алуға болады. Бәлкім, әңгіме басқа, өте сирек кездесетін немесе бізде тегін берілмейтін дәрілер туралы шығар. Бірақ бұл да әлеуметтік салаға қатысты мәселе, оны да қарастырып жатырмыз», – деді Серік Жұманғарин.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы