USD
USD
USD

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адам немесе дауыс бергендердің 87,15%-ына тең болды.

.
Фото: Nege.kz

Астана, NEGE. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. 

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 482 613 адам болды.

Референдум
Орталық референдум комиссиясы

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны 9 127 192 адам немесе 73,12% болды.

Еске салсақ, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау не қабылдамау мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Референдум бюллетенінде азаматтарға «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды.

Қазір оқып жатыр

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа ерекше сыйлық жасады

Боранбаев

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден астам адам ауруханаға түсті

грип

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.