USD
USD
USD

Қазақстандықтарды 34 млн теңгеге алдаған Айдос Шәріпов Германиядан экстрадицияланды

 Шет мемлекеттерде жұмысқа орналастыру желеуімен қазақстандықтарды алдаған Айдос Шәріпов Германияда ұсталып, елге экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстандықтарды 34 млн теңгеге алдаған Айдос Шәріпов Германиядан экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәлім етілгендей, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының азаматы, 32 жастағы Айдос Қанатұлы Шәріповті экстрадициялады. «Шәріпов жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастыру сылтауымен Қазақстан азаматтарына ірі көлемде залал келтірді деп күдіктенеді.

Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген таратылған хабарламада. Қазіргі уақытта А.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі