USD
USD
USD

Қазақстандықтарды 78 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен батысқазақстандық қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол 2023 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының азаматтарын түрлі айламен алдап келген.

Күдікті техника мен автокөлік сатып алу, ұялы телефон сату, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сияқты желеулерді пайдаланып, адамдарды сеніміне кірген. Мәселен, 2023 жылдың қазан айында ол Орал қаласының бір тұрғынын тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен 4 миллион теңгеден астам қаржыға алдап кеткен. Сондай-ақ сәуір мен қазан айлары аралығында тағы бір қала тұрғынына тұрмыстық техника жеткізіп беремін деп, 4,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Тергеу барысында алаяқтың құрбандары негізінен өз таныстары екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 78 миллион теңгеден асады.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, өз кінәсін мойындады. Ол алдап алған қаражаттың басым бөлігін бәс тігуге жұмсағанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер