USD
USD
USD

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Биыл желтоқсанда мереке күндері азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:

- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);

- алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.

Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері