USD
USD
USD

Қазақстандықтар үшін Шенген арзандауы мүмкін

Қазақстан Еуроодақ елдерімен визалық тепе-теңдікке қол жеткізіп, Шенген визасын алу үшін алынатын алымның құнын төмендетуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар үшін Шенген арзандауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу көрші Ресей азаматтарына қарағанда қымбатырақ. Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары үшін консулдық алым мөлшері 80 еуроны, ресейліктер үшін 35 еуроны құрайды.

"Түсіндіріңізші, алым неліктен екі еседен жоғары?  Сонымен қатар, Шенген елдерінің азаматтары Қазақстанға 90 күнге дейін мүлдем визасыз келе алады.  Үкімет визалық тепе-теңдікке қол жеткізу былай тұрсын, визалық шығындарды азайтумен айналысып жатыр ма?"  – деп сұрады Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Ашық үкімет" алаңында.

СІМ басшысы виза беру үшін консулдық алым мөлшерін қалыптастыру әрбір мемлекеттің айрықша құзіреті болып табылатынын, бірақ Сыртқы істер министрлігі оның құнын төмендету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі