USD
USD
USD

Қазақстандықтар туралы толық ақпарат шетелдік сайтта жүр

Қазақстанның 34 қаласының тұрғындары жөніндегі толық ақпарат шетелдік интернет сайтта пайда болды.

Қазақстандықтар туралы толық ақпарат шетелдік сайтта жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Ресей федерациясына қарасты Қорған облысының тұрғындары Роскомнадзорға шағым түсірген. Олардың айтуынша, шетелдік белгісіз бір сайтта ресейлік 60 қала мен қазақстандық 34 қала тұрғындары туралы толық ақпарат (тұрғындардың аты-жөні, мекен жайы мен телефон нөмірлері) әлгі сайтта еркін жарияланған көрінеді. Қорған облыстық Роскомнадзор бақылаушы органы тексере келе, ақпараттың ақиқат екендігін анықтап, аталмыш сайттың үстінен «жеке тұлғалар туралы мәліметке қол сұғу фактісі» бойынша сотқа шағым түсірген.

Сайттың жұмыс істеуі де күмән тудырады. Ақпарат беру үшін әуелі телефон нөмірін сұрайды, одан кейін «смс хабарламаны күтіңіз!» деген командадан кейін, сайтқа тіркелген тұлғаның банктегі есеп шотына немесе телефон құрылғысына шабуыл жасалуы мүмкін.

Жеке домені Францияда тіркелген nomerekaterinburga.com сайты алаяқтық портал ретінде «Жеке тұлғаларға қатысты мәлімет бұзушылар реестріне» тіркеліп, сайтқа кіру жолдары бұғатталады.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама