USD
USD
USD

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде қанша күн демалады?

16-17 желтоқсан күндері ел тұрғындары Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады. 

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде қанша күн демалады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл Тәуелсіздік күні бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынын төрт күн - 16-19 желтоқсан аралығында демалады.

20 желтоқсан, дүйсенбі жұмыс күні болып есептеледі. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 16-17 желтоқсан күні демалып, 18 желтоқсан сенбі күні қайта жұмыс істейді. 19 желтоқсан жексенбі, әдеттегідей демалыс.

Айта кетсек, 2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, сәйкесінше демалыс күндері 3-4 қаңтарға ауыстырылады. 5-6 қаңтар күндері қайтадан жұмыс күні, ал 7 қаңтарда ел тұрғындары Рождество мерекесін атап өтеді. Сол себепті, жұма 7 қаңтар демалыс болады.

8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев