USD
USD
USD

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады. Бес күнде қазақстандықтар Абай облысының тұрғындары үшін 165 миллион теңге жинады.

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады
Фото: NEGE.kz

Kaspi.kz өз тарапынан өрттен зардап шеккендер үшін 35 миллион теңге қосып, соманы 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.

Татьяна Миронюк, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры:

– Біз мұндай үлкен резонансты күткен де жоқпыз. Қайырымдылық көлемі әртүрлі болды. Біреу «Ұлымнан» деп 50 теңге аударса, біреу қомақты сома жіберген. Қаражаттың бір бөлігін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға бөлеміз. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге. Қалған сомаға жәбірленушілердің кәмелетке толмаған балаларына депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл сегіз бала кәмелетке толған соң ақшаны оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға жұмсай алады. Үн қосып, көмектескендердің барлығына рахмет!

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

– Қиындыққа тап болған адамдарды қолдау туралы шешім қабылдаған барлық сүйікті, қамқор клиенттерімізге рахмет. Kaspi қиын жағдайда қазақстандықтарға әрқашан көмектеседі және шетте қалмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu

Қазақстан экономикасы тек мұнайға тәуелді емес: шетелдік сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті

Бизнес

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова