USD
USD
USD

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады

Әділет министрлігі азаматтарға қолайлы болуы үшін әзірленген және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Digital Justice цифрландырудың 7 жобасын іске асыруда. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жобалардың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай жобалардың бірі - «Е-заң көмек». Жоба адвокаттардың, заң кеңесшілерінің қызметін, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен онлайн - өзара іс-қимылын автоматтандыруға бағытталған.

«Біз азаматтар мен адвокаттарға көмектесетін ақпараттық жүйе әзірледік. Бұл көмек көрсетілуі тиіс адамдарға қандай адвокат қандай көмек көрсеткенін тіркейтін жүйе. Сондай-ақ қазір заң кеңесшілері деген ұғым бар. Бірінші тоқсанда бұл жүйені осы жүйе, мобильді қосымша арқылы кеңес алуға болатындай етіп жетілдіреміз. Біз авторизация мен қол қоюдың Face ID арқылы болғанын қалаймыз, сондықтан қолдан жасау деген болмайды», - деді спикер. 

Әділет вице-министрінің айтуынша, азамат белгілі бір адвокатты немесе заң кеңесшісін қалай таңдауға болатынын түсінуі үшін адвокаттардың, заң кеңесшілерінің рейтингі болады.  

Сондай-ақ азаматтар 1414 байланыс орталығы арқылы заңгерлік кеңес ала алады.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі