USD
USD
USD

Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі

 Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бүгін қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі. 

Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көкпардан ел құрамасы бүгін Моңғолиямен сайысқа түседі. Қазақстандық көкпаршылар бұдан бұрын Өзбекстаннан 8:1 есебімен  басым түскен болатын. 

Сондай-ақ, ел құрамасы сапынан спортшылар жамбы атудан (ат үстінде садақ ату) жүлделерді сарапқа салады. Спорттың аталған түрінен ел намысын Ералхан Айкөз, Абзал Тұлыбеков, Бақдәулет Бабажан қорғап жатыр. «Сайыс 3 стиль бойынша өткізіледі. Оның 2-і түрік, 1-і венгр әдісі бойынша өтуде. Жарыстың екінші күнінде қабақ ату (түрік әдісі) бойынша қазақстандық спортшы күміс жүлдеге (кіші медаль) ие болды. Әлемнің 21 елінен келген 75 спортшы арасында жамбы атудан тұңғыш Әлем чемпионы Ералхан Айкөз қарсыласына сәл ғана айырмашылықпен есе жіберді», - деп мәлім етті Ұлттық спорт түрлері орталығынан. Еске салсақ, бұдан бұрын Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс медель алған еді.  

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады