USD
USD
USD

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 30 млрд теңге қаржы құйған

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталып, 56 күдікті анықталды.

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 30 млрд теңге қаржы құйған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ» басшыларына қатысты тергеу аяқталды. Қазіргі кезде күдіктілер мен жәбірленушілерді қылмыстық іспен таныстыру процесі жүріп жатыр. Кейін іс сотқа жолданады. Тергеу барысында 17 мыңнан астам жәбірленуші анықталды. Оның 3 мыңнан астамы ақтөбелік. Бұл адамдар 30 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Тергеу барысында 56 күдікті анықталды. Оның алтауы халықаралық іздеуде жүр. Қалған 50 адамның 33-і уақытша ұстау изоляторында отыр. Бесеуі үйқамақта, қалған 12 күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Тергеу барысында бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктілердің қылмыстық жолмен сатып алған мүлкі анықталып, бәріне тыйым салынды», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Жанболат Абдраемов.

Айта кетейік, ұйымдастырушылардың бәрі Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Қазір бәрі өңірдегі уақытша тергеу изоляторында отыр. Сот отырысы да Ақтөбе қаласында болады.

«Кейін басқа қалалардан филиал ашып, өзге адамдарды қылмысқа тартқан. Сол себептен Қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабы бойынша іс қозғалған. Тәркіленген мүлік құны 2 миллиард теңгеден асады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді Жанболат Абдраемов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 2027 жылғы діни мерекелер күнтізбесі бекітілді

Мешіт

Давид Дегтярев V Азия Пара ойындарында жаңа рекорд орнатып, алтыннан алқа тақты

Давид Дегтярев

«Интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған»: Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер

Шымкетте қызғаныштан сүйіктісін пышақтап өлтірген әйел 10 жылға сотталды

Қазақстан