USD
USD
USD

Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады

Тыйым салғаннан соң банк тағы несие берсе, ол міндеттемелерді орындаудан босатылады.

Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар алаяқтардан қорғану үшін өз атына несие алуға тыйым сала алады. Депутаттық сауалға орай тиісті заңнамалық түзетулерді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі.

"Жеке тұлғаның несие мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту құқығы электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асады. Қарыз алушының несие тарихында бұрын бас тартқаны туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізеді.  Рәсімдеуге тыйым салған жағдайда жеке тұлғаны берілген қарыз бойынша міндеттемелерден босату туралы түзету енгізіледі" - делінген хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған