Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз

Берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге ұлғайған

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асты, деп хабарлайды QazEconomy Telegram-каналы Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы статистикасы бөлімінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 процентке (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде –  123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример