USD
USD
USD

Қазақстандықтар 9 наурыз демала ма?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев қазақстандықтардың 9 наурызда демалуына қатысты жауап берді. 

Қазақстандықтар 9 наурыз демала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде мерекелер туралы заң барлығына ортақ. Онда мемлекеттік қызметшілер бөлек қарастырылмайды. Сондықтан тиісті жұмыс басталды. Дәл қазір біздің қызметкерлеріміз премьер-министр кеңсесінде жиналып, құзырлы мемлекеттік органдармен осы тапсырманың қалай іске асырылатынын талқылап жатыр», - деді Әбілев.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар 9 наурызда демалады. Себебі оған дейін заңға өзгеріс енгізіп үлгермейді. Сондықтан жексенбіге түсетін 8 наурыздан кейін дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер демалады. Тапсырмасы аясында нақты қай мемлекеттік қызметшілердің демалыс күндері қысқаратынын да анықтау қажет.

«Құқық қорғаушылар бар, арнайы мемлекеттік органдар бар, олардың барлығы – мемлекеттік қызметшілер. Мысалы, біз - әкімшілік қызметкеріміз. Бұдан бөлек, саяси қызметшілер бар. Сонда тапсырма қай қызметкерлерге қатысты? Осыны анықтау қажет. Бұл ретте тек құқық қорғау органдарына ғана қолданыла ма? Себебі қоғамдық тәртіпті сақтау керек. Бұның барлығы пысықталып, алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады. Өзгеріс бәріне қатысты бола ма, жоқ па әзірге белгісіз», - деп атап көрсетті Әбілев.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме