USD
USD
USD

Қазақстандықтар 2,1 трлн теңге зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді.

Қазақстандықтар 2,1 трлн теңге зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 3,7 пайызға ұлғайып, осы жылғы қарашаның соңында 13,4 трлн теңге болды. Биыл 7 қарашада салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін орындалған өтініштерінің саны 2,2 трлн теңге сомасына 636,6 мың өтінішті құрады. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 2,1 трлн теңге тиесілі болды», – деді Ерболат Досаев. Оның дерегінше, осы жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша инфляция 7,8 пайыз болған кезде 11 пайыз мөлшерінде кірістілік алынды. «Осылайша, жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді