USD
USD
USD

Қазақстандықтар 100 күн бойы денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарын жолдай алады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтардан 100 күн бойы ұсыныстар қабылдайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.

Қазақстандықтар 100 күн бойы денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарын жолдай алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстар атқармақ. 

“​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін "100 күн - 100 сұрақ" бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын", - деп жазды министр.

Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады: электронды пошта - 100dnei100voprosov@mail.kz; ресми сайт - https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru; әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар - https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link; https://www.facebook.com/MinzdravRK

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті