USD
USD
USD

Қазақстандықтар жеке табыс салығының бірінен босатылуы мүмкін

Қазақстанда жеке тұлғалар цифрлық активтермен жасалған операциялардан түсетін кіріс бойынша жеке табыс салығынан босатылуы мүмкін. Мұндай бастама Салық кодексіне енгізілетін түзетулер пакетінде қарастырылған.

Салық кодексі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің отырысында құжат жобасына кезекті түзетулер топтамасы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Түзетулер пакетіне жұмыс топтарының қорытындысы бойынша әзірленген 45 өзгеріс енгізілген. 

Соның ішінде цифрлық активтердің заңды айналымын ынталандыру үшін жеңілдетілген салықтық жағдай жасау ұсынылған.

«Ол үшін жеке тұлғаларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі цифрлық активтер қызметі қазақстандық провайдерлері арқылы жасалған цифрлық актив операцияларынан түскен кіріс бойынша жеке табыс салығынан босату көзделген», – делінген хабарламада.

Түзетулердің жекелеген блогы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасауға арналған. Атап айтқанда, инвестициялық басым келісімшарттар, сондай-ақ фискалдық преференциялар пакетінде көзделген барлық инвестиция туралы келісімдер жасау тетігін қалпына келтіру ұсынылады.

Сонымен қатар инвесторларға қажетті инфрақұрылымды дербес жүргізуге мүмкіндік беру, кейіннен КТС бойынша шегерім тетігі арқылы келтірілген шығынды өтеу ұсынылған.

Сондай-ақ жаңа пакетте тауарды таңбалау шығысына үстеме шегерім енгізу, мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша шегерімді кеңейту, әлеуметтік салықтан жекелеген кірістерді босатуды қалпына келтіру, ҚҚС-дан факторинг пен форфейтингіні босату, есепке жатқызылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша ҚҚС-ны түзету, жеміс шарабына акциз және басқа да бастамалар бар.

Сондай-ақ пакет Салық кодексін қолдану барысында анықталған мәселелерді шешуге арналған түзетулермен толықтырылған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер