USD
USD
USD

Қазақстандықтар зейнетақы жинағына енді көзін емдете алмайды

​«Отбасы банк» 2025 жылдың 4 желтоқсанынан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылдамайды.

окулист
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Өтінім қабылдауды тоқтату Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ қаражатын емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістеріне байланысты. 3 желтоқсан күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.

Осы күнге дейін жіберілген барлық өтінімдер қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады.

Қазіргі уақытта банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15 808 өтінім бар. Оның ішінде:

  • 5 131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр
  • 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда. 

«Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге өсіп, 1 264 өтінімге жетті», – деп хабарлады «Отбасы банк» .

Сонымен қатар, банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан өзге мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиника жоқ екені анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт