USD
USD
USD

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

Еуропалық Одақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Биыл осы келісім бойынша келіссөздер басталуы мүмкін.  

Еуродақ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич айтты. 

«Біз виза режимін жеңілдету туралы келісім бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар әлі де Еуропаға виза алуы қажет болады, бірақ оны рәсімдеу процесі жеңілдетіледі. Бұл біраз уақыт алады, бірақ биыл осы келісім бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз. Егер солай болса, болашақта виза алу оңайырақ болады. Біз бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытып отырмыз», – деді Алешка Симкич.

Оның сөзінше, қазақстандықтар үшін Еуропаға баруды барынша жеңілдету керек, дәл солай еуропалықтар үшін Қазақстанға келу жеңіл болуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық