USD
USD
USD

«Елді ұятқа қалдырмаңыздар»: қазақстандықтар төлқұжаттың жаңа дизайны делінген нұсқаны сынады

Естеріңізде болса, биыл ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа төлқұжатының дизайнын әзірлеу жұмысы басталған болатын. 

Төлқұжат
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қазіргі қолданыстағы төлқұжаттың дизайны 17 жылдан бері өзгермеген.

Әлеуметтік желіде төлқұжаттың өзгерген нұсқасы делінген суреттер тарап жатыр. Мәселен, Бота есімді Threads желісінің қолданушысы өзінің парақшасында «жаңа дизайнның» суретін жариялап, өзгерістерді сынады.

Қазақстан
Фото: AfishaAtyrau

«Ескі нұсқасы әлдеқайда керемет еді. Кореяның төлқұжатындағы дизайнды айна-қатесіз қайталауға не себеп болды? Баяғы қалпында қалдырыңыздар немесе жаңа әрі жеке дизайн ойлап табыңыздар. Бүтін бір елді ұятқа қалдырмаңыздар», – деп жазды желі қолданушысы.

Жазбаға пікір білдірген өзге қолданушылар, автордың пікірін қолдады. Олар төлқұжаттың дизайнын ауыстыруды емес, төлқұжаттың күшін нығайтып, визасыз баруға болатын елдердің қатарын арттыруды ойлау керек деп санайды.

Байқағанымыз, көпшілігіне қазіргі дизайн ұнайды.

Пікір
Фото: Threads

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазбаның астына пікір қалдырып, аталмыш дизайнның жаңа нұсқа емес екенін атап өтті.

«Жоқ, бұл – төлқұжаттың жаңа ресми дизайны емес. Қазір желіде тарап жүрген өзге эскиздердің барлығы тек жеке бастамамен жасалған жобалар. Негізгі концепция мүлде басқаша. Қазір дизайн-макетті жинақтау және соңғы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр», – деп жазды Қарин. 

Айтуынша, жаңа дизайн ең алдымен құжаттың қорғаныс деңгейін күшейту үшін әзірленуде.

«Бұл аса күрделі әрі ұқыптылықты қажет ететін процесс, себебі гравюра өте ұсақ элементтерден тұрады. Мәселен, сызықтардың қалыңдығы небәрі 50 микронға дейін, ал микромәтіндер мен символдар 100–150 микронға дейін (яғни бір миллиметрдің оннан бірі) жетеді», – деді ол.

Ұсынылған нұсқалар әзірге концепт күйінде. Қорытынды дизайн кейінірек бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Крокус сити холлдағы терракт

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл