USD
USD
USD

Қазақстандықтар толықтай дерлік интернет-банкингке көшті

Интернет және мобильді банкинг арқылы орындалған операциялардың үлесі 90%-ға жетті, деп жазды  Sputnik.

банк
Фото: Santiago Cornejo

Алматы, NEGE. Қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырған опғрацияларының үлесі 90%-ға жетті.

Күн сайын осы әдіспен 359,9 миллиард теңгеден (751,2 миллион доллар) астам сомаға 26,3 миллионнан астам операция жүзеге асырылады.Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, қазақстандықтардың көбі төлем карталарын ұнатады, ал қолма-қол ақшаны пайдалану айтарлықтай төмендеді.

Ұлттық реттеушінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктер шығарған төлем карталары арқылы 84,9 триллион теңгеге (177,2 миллиард доллар) 6,1 миллиард операция жасалған.Қолма-қол ақшасыз операциялардың саны мен көлемі сәйкесінше 13,6% және 16% өсіп, жалпы көлемі 72,8 трлн теңгені (151,9 млрд доллар) құрайды.Сондай-ақ төлем карталарын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны мен көлемі де сәйкесінше 3,6%-ға және 12,8%-ға өсіп отыр. Жалпы көлемі 12 триллион теңгені (25 миллиард доллар) құрайды.QR коды арқылы төлем жасау да танымал бола бастады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,3 триллион теңгеге (15,2 миллиард доллар) 1,5 миллиард операция жасалды, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 3,2 есеге артық.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей