USD
USD
USD

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

11 қазанда Қазақстанда «Яндекс Go» қосымшасының жұмысында ақау шықты.

такси
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Тұрғындар такси шақырып, тамаққа тапсырыс бере алмай жатқанын айтып шағымданды. Жүргізушілер мен курьерлер де қиындыққа тап болған.

«Яндекс Go Қазақстан» ақау барын растады. Компания мамандары мәселені шешуге кіріскен. Алайда қызметтің қашан толық қалпына келетіні әзірге белгісіз.

Осы уақытта Ресейдің Владимир қаласындағы «Яндекстің» деректер орталығына дрондар шабуыл жасағаны хабарланды. Ресейлік БАҚ мәліметінше, шабуыл салдарынан орталықтың жабдықтары зақымданып, жұмысы тоқтаған.

Дегенмен Қазақстандағы ақауға Ресейдегі шабуыл себеп болды деуге әзірге негіз жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер