USD
USD
USD

Қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алады

ҚР Сыртқы істер министрлігі сынақ мерзімінен кейін Таиландпен 30 күндік визасыз режимді тұрақты негізде енгізгісі келеді.

Таиланд
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Өткен жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қолданыста болған сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында пайда болды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Таиландта визасыз кірген күннен бастап 30 күн алаңсыз жүре алады.

«Алайда Қазақстан азаматтары күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық Таиландта болмауға тиіс», – делінген құжатта.

Бұл елде ұзақ уақытқа қалуды қалайтын отандастарымыз әлі де виза алуға мәжбүр болады.

Таиланд азаматтары үшін Қазақстан аумағында да осындай жағдай жасалған. Келісімде визасыз режимнің қанша уақытқа дейін ұзаратыны немесе қай айлар аралығында болатыны нақты көрсетілмеген.

Жобаны талқылау 29 наурызға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер