USD
USD
USD

Қазақстандықтар өзін кедей сезінбеуі үшін айына қанша қаржыны қажет етеді?

Қазақстандықтар кедейлікті сезінбеуі үшін отбасының әрбір мүшесіне айына 260 мыңнан 320 мың теңгеге дейін қаражат қажет деп есептейді.

Теңге
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл нұсқаны Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 30 пайызға жуығы таңдаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 69,4%-ы отбасының әрбір мүшесіне айына 260 мың теңгеден жоғары табыс қажет деп есептейді. Оның ішінде 40,9%-ы бұл сома 320 мың теңгеден асуы тиіс деп есептейді. Респонденттердің 18,4%-ы бір адамға айына 400 мыңнан 500 мың теңгеге дейін табыс қажет десе, тағы 7,2%-ы 600 мың теңгеден жоғары табыс қажет екенін айтқан.

Қала тұрғындарының табысқа қоятын талабы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары болып шықты. Олай дейтініміз, қала тұрғындарының 37,3%-ы, ал ауыл тұрғындарының 22,5%-ы отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 400 мың теңгеден жоғары табыс қажет деп есептейді. Ең танымал 260 мыңнан 320 мың теңгеге дейінгі диапазонды қала тұрғындарының 30,3%-ы, ауыл тұрғындарының 27,2%-ы таңдаған.

Ал 18-28 жас аралығындағы жастардың әрбір бесіншісі (18,1%) өзін кедей сезінбеу үшін бір адамға айына 600 мың теңгеден астам табыс қажет деп санайды. Алайда 61 жастан асқан азаматтардың арасында мұндай пікірді небәрі 1,3% ғана білдірген.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер