USD
USD
USD

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

Қазақстандықтар өздерінің медициналық деректеріне кімнің және қандай мақсатпен кіргенін көре алады. Жаңа норма денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасында қарастырылған.

жеке дерек
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Министрліктің айтуынша, жаңа тәртіп бойынша пациент өзінің медициналық ақпаратына қол жеткізу құқығын өзі басқара алады. Бұдан бөлек, деректерін кімнің және қандай мақсатпен қарағаны туралы ақпарат та қолжетімді болмақ.

«Адам медициналық деректеріне қолжетімділікті өзі реттейді. Яғни пациент ретінде мен өзім туралы ақпаратқа кімге және қандай мерзімге рұқсат беретінімді көрсете аламын», – деді министрлік өкілі.

Министрлік медициналық деректердің таралуына екі негізгі факторды атады. Біріншісі – медициналық ұйым қызметкерлерінің ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі, екіншісі – хакерлік шабуылдар мен ақпараттық жүйелерді бұзу әрекеттері.

Ведомство денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық түзетулер болашақта деректердің таралуы мүлде болмайды дегенді білдірмейтінін айтты. Дегенмен бірқатар түзетулер жаңа технологияларды қолдану тәртібін реттеп, медициналық ақпаратты қорғау құралдарын енгізуді көздейді. 

Ал заң жобасындағы басқа толықтырулар биомедициналық зерттеулер туралы ақпараттық ресурсты қалыптастыруды, трансплантациялау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарында балалардың болу мерзімдері нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков