USD
USD
USD

Қазақстандықтар енді жеке куәліктерін онлайн форматта өзгерте алады

ҚР Ішкі Істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «ҚР азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» пилоттық жобасын онлайн форматта әзірледі.

документ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын», – делінген құжатта.

Жобаны іске асыру бір жылға созылуы мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша, ол 2026 жылдың 31 наурызында іске қосылады.

Жобаға сәйкес, жарамды мерзімі өткен құжаттарды қайта рәсімдеуді электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.

Қызмет мына жағдайларда ғана көрсетіледі:

– жеке куәлік мерзімінің аяқталуына 30 немесе одан аз күн қалса;
– жеке куәліктің қолданылу мерзімінен 10 күнтізбелік күн ғана асса.

Жоба 2025 жылғы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА"порталында орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu