USD
USD
USD

Қазақстандықтар елдегі алғашқы атом электр станциясына Абайдың есімін беруді ұсынды

25 қыркүйектен бастап eGov Mobile порталында Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша үздік ұсыныстарды жинау басталды. Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 20 мыңнан астам нұсқа түскен.

Балқаш
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ведомство төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, ұсыныстар шартты түрде үш блокқа бөлінеді.

«Біріншісі – географиялық атаулар. Мысалы, Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм сияқты нұсқалар. Екінші үлкен блок – қазақстандықтар станцияға ел тарихындағы маңызды саяси немесе ғылыми тұлғалардың есімін беруді ұсынуда. Мәселен, академик Чокин, Батуров, Абай, Қаныш Сәтбаев сынды есімдер қарастырылып жатыр. Үшінші блок – станцияның инженерлік, техникалық және энергетикалық бағытына қатысты атаулар. Бұған Жарық, Қуат, Бейбіт атом, Energy, Энерго секілді нұсқалар жатады», – деді ол.

Ұсыныстарды жинау 2025 жылғы 10 қазан күні сағат 23:59-да аяқталады. Осыдан кейін комиссия қоғаммен бірлесе отырып болашақ станцияның соңғы атауын анықтайды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев