USD
USD
USD

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

21 тамыз күні түстен кейін қазақстандықтар eGov сайты мен мобильді қосымшасына кіре алмағанына жаппай шағымданды.

ақау
Фото: eGov

Астана, NEGE. Detector404 порталының мәліметінше, шамамен сағат 15:00-де пайдаланушылардың шағымы күрт өсе бастаған. Қазақстандықтар сайт пен қосымша істемей тұрғанын, сондай-ақ сервер қолжетімсіз екенін хабарлаған.

Соңғы бір сағатта халық санына шаққандағы eGov жұмысына қатысты шағымдардың көбі Алматыдан түскен – 17%. Одан кейін Қарағанды облысы – 14%, Қостанай облысы – 10%, Астана – 10% және Ақтөбе облысы – 7%.

Шағымдар әртүрлі құрылғылардан түсуде: Android-тан – 36,9%,  Windows жүйесінен – 32,3%, ал iOS-тан – 29,2%.

Материал жарияланған кезде ақаудың себебі мен сервистердің қашан қалпына келтіретіні туралы ресми ақпарат болған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы