21 Қараша 12:29
...

Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы несие және сақтандыру тарихын бақылай алады

eGov Mobile
Фото: gov.kz

eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредит және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды. Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.

Алматы, NEGE. Сервис «Кредиттеу» және «Сақтандыру» атты бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдерде пайдаланушы бұрын алған несиелері мен сақтандыру қызметтері туралы АО «Мемлекеттік несие бюросының» деректеріне негізделген өзекті ақпарат ұсынылған.

«Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл (скорингтік балл – пайдаланушының несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш) ұсынылады. Ол несие алу тарихының деректері негізінде қалыптасады және пайдаланушыға өзінің несие беделін бағалауға көмектеседі. Скорингтік балл тек ақпараттық сипатқа ие және пайдаланушылар үшін оның кредиттік мінез-құлқын бағалауға арналғанын айта кету керек.

«Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді.

Егер алынған мәліметтер бойынша сұрақтар туындаса, пайдаланушы тікелей кредит берушіге немесе сақтандыру компаниясына жүгінуі қажет.

Жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі, бұл eGov Mobile пайдаланушылары үшін «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» қолжетімді етеді.

Сервисті пайдалану үшін пайдаланушы:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Басқа сервистер» - «МКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» бөліміне өту;
  • жеке деректерді пайдалануға келісім беру;
  • кредиттер мен сақтандыру шарттары туралы мәліметпен танысу;
  • кредиттік және/немесе сақтандыру есебін жүктеуі;
  • қажет болған жағдайда файлдарды смартфонға сақтауы қажет.

Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.