USD
USD
USD

Қазақстандықтар декреттік төлемді көбейту үшін өздерін 16 жұмыста істейтін етіп көрсетіп жүр

Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Оның қорытындылары Әлихан Смайылов төрағалық еткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды.

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Аудиторлар жүктілік және босану бойынша жоғары мөлшерде төлем алу үшін кіріс деңгейін және жұмыс орындарының санын жасанды түрде көбейтіп көрсету жағдайларын да анықтады.

«Кейбір жағдайда аударымдар бір уақытта 3-10 түрлі жұмыс орнынан түскен, ал 169 адамның 16-дан астам ұйымға тіркелгені анықталды. Мұндай жағдайларға жол бермеу үшін нормативтік базаны жетілдіру қажет», – деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата.

Аудит нәтижесінде жалпы 5 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтары, сондай-ақ 216,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

  • Қорытынды бойынша 46 жүйелі кемшілік тіркелді.
  • 22 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жолданды.
  • 2 факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов